«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы ғимаратында өткен жиынға «Amanat» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Шыңғысов, салаға жауапты басқарма басшылары мен өңірдегі қаржы институттары өкілдері мен мәслихат депутаттары қатысты. Жиын барысында аймақтағы шаруалардың негізгі шаруалары күн тәртібіне шығарылды. Қыстың соңғы айындағы қолайсыз ауа райы салдарынан қырылған жылқылар жайы да көтерілді...
Елімізде Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бекітілген. Аталған жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар да осы отырыста баян етілді. «Аманаттық» белсенділер саладағы түйткілді мәселелер бойынша билік өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы