ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жезқазғандықтар Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Бөлісу:

Чернобыль апатын жою кезінде жапа шеккендер мен құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.  Апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына Жезқазғандық азаматтардың қосқан үлесі ерекше. 


1986 жылдың 26-сәуірі күні Чернобыль атом электр станциясының реакторы толығымен істен шығып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар тарады. Зардапты жоюға Кеңес одағының түкпір-түкпірінен 600 мыңдай адам тартылды. Ал, Қазақстаннан барған 30 мыңнан астам адамның қазіргі таңда шамамен 6 мыңға жуығының көзі тірі. 


Бақытжан Жайлаубаев қала әкімінің орынбасары

Сол азаматтарымыздың артында қалған ұрпақтары аман болсын деп тілейміз. Енді мұндай апат болмасын деп тілейміз. Еліміз аман болсын.


Денсаулығына қауіп төнсе де, басын бәйгеге тігіп,азаматтарды құтқару және оларға арнап жаңа үйлер салуға мыңдаған адам тартылды. 


Серік Асқарбеков, Ұлытау облысының ТЖД ардагерлер кеңесінің мүшесі 

ОСы Чернобыл апатында болған ерлердің ерліктерін ұмытпау керек.жастар өз елін жерін осы кісілер ұқсап сақтай білу керек. 


Апатты жоюға қатысқан бірқатар азамат қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жалпы Жезқазған өңірінен 587 адам барған. Жыл өткен сайын олардың қатары сиреп барады. Осыдан бірнеше жыл бұрын сол азаматтардың құрметіне осы белгі  орнатылды. Митинг соңында қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарны қойды. 


Гүлім Маратқызы «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты