Жанұя сауда желісі – кезекті сауда нысаны емес, бұл тұрғындарды қолжетімді бағада - сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жоба. Мұндағы бағада бақылау болады. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов әлеуметтік жобаның әлеуетіне басымдық берді...
Гипермаркетте 30000 нан астам тауар түрлері бар. Түрлі жеңілдіктер науқаны да қарастырылған.
Бірінші күннен сауда орталығына келушілердің қатары қалың. Алғашқы сатып алушылар арасында ұтыс ойнатыра ойнатылуда...
Аталмыш жоба - қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуда және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды қадам болады деп күтілуде...
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы