Баскетбол бәсекесі жылдық спартакиада аясында өтіп жатқан кезекті дода. Бұл жолғы сайыста барлығы 16 команда, 100ден аса ойыншы бақ сынады. Жалпы шараның неізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, әр құрылым жұмыскерлері арасындағы байланысты нығайту еді.
Сержан ЖАҚСЫБЕКОВ «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары
Міне өздеріңізге мәлім жаңа ғана ойын аяқталды. КМС 7 дүркін чемпион болған өздеріңізге мәлім. Енді Батыс кеніші чемпион болды.
Тартысты өткен турнир барысында Қазақмыс мейтенанс сервистің құрама командасы мен «Жезқазғансервис» кәсіпорны және Тау-кен шахталық жабдықтар зауыты үшінші орынды қанағат тұтты. Жезқазған мыс қорыту зауытының баскетболшылары екінші жүлдені еншілесе, Батыс кенішінің құрамасы чемпион атанды.
Василий (Ласкут па) белгісіз? Максим айтады Батыс кенішінің еңбеккері
Ең бастысы үлкен рақмет айтамын. Кәсіқорған мен Жастар болашаққа. Жарыс өте қиын болды,команда көп болды. Өте қиын командалармен ойнадық.
Топтан өзге, үздік ойын көрсеткен жекелеген ойыншылар да марапатталды. Үздік орталық шабуылшы- Батыс кенішінің еңбеккері Сергей Павельчик, үздік қорғаушы- «Жезқазғансервис»және Тау-кен шахталық жабдықтар зауытының еңбеккері Александр Сушков, үздік шабуылшы- Жезқазған мыс қорыту зауытының еңбеккері Бахытбек Ибраев және үздік ойыншы Шығыс Жезқазған кенішінің еңбеккері -Манарбек Елькеев атанды. Жеңімпаздардың барлығына кубок пен ақшалай сертификаттар табысталды.
Өндірістегі жүктеме, спорттағы жеңіс - барлығы жоғары ұйымшылдықты, адал еңбекті қажет етеді. Ойыншылардың әрқайсысы күш-жігерін салып, нағыз “еңбек адамы” екендерін спорттық алаңда да дәлелдеп шықты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ