«Ұлытау облысының экологиялық және энергетикалық проблемалары мен оларды шешу жолдары» тақырыбын көздеген топтың алғашқы аялдамасы Жезқазған жылу электр орталығы болды. Мәжілістегі комитет өкілдері орталықтың бүгінгі тыныс тіршілігімен танысып, кәсіпорынның техникалық қуатынан бастап – тарифге дейінгі аралықтағы түрлі мәселелерді ортаға салды.
Жарты ғасырдан бері қала тіршілігіне қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан кәсіпорын жезқазғандықтарды 2024 тің қысынан да аман алып шықты. Алайда, жаңа жылу электр орталығын салу мәселесі әлі де күн тәртібінде де салаға жауапты мамандар.
Келесі нысан - Жезқазған мыс балқыту зауыты. Қаладағы экологиялық ахуалдың бір шеті өндіріс ошақтарынан сыртқа шығатын түтінге тірелетіні жасырын емес. Корпорация басшылығы бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарын баян етті. Депутаттар – өңірге жасаған сапарымыздың негізгі мақсаты – жаңа облыстағы проблемаларды көзбен көру деді...
Жезқазғандағы жұмыс кестесі - Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қондырғысын құрастыру цехы мен Жез-Солар күн электр станциясында қортындыланды. Астанадан келген делегация әрі қарай Сәтбаев қаласына ат басын бұрды.
Комитеттің көшпелі отырысының мүшелері кеншілер шаһарындағы №1 жылу беру станциясында да болды.
Жылу мәселесі жыл өткен сайын Сәтбаевта да күрделеніп келеді. Оның негізгі себебі - Қала халқы санының артуы мен жаңа аудандардың бой көтеруі деді жергілікті билік өкілдері.
Мәжіліс депутаттары мұндағы мәселелерді Үкіметтің алдында көтеруге дайын екендіктерін жеткізді.
Айта кетейік, көшпелі отырыстың екінші күні мен облыс орталығында өткен комитет жиыны жайында жаңалықтарымыздың ертеңгі күнінде тарқататын боламыз.
Мұқағали сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы