ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

«Өнер-fest» фестивалі – өнерлі балалардың басын қосты

Бөлісу:

«Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің» сахнасы дарынды балаларға толы. Байқаудың екінші күні вокал және хореграфия конкурстары өткізілді. «Вокал» жанры бойынша алдын ала Іріктеу кезеңінде 29 үміткер бақ сынаса, конкурста үздік деп танылған 14 үміткер өзара мықтыны анықтады. 


Әділ-қазы алқаларының шешіміне сәйкес Бас жүлдені


Жезқазған қаласы “Қарақат” мектеп студиясының өнерпазы 


Әбіләшім Ердос жеңіп алды. Жүлделі І орын Жезқазған қаласы Балалар өнер мектебінің шәкірті Қайруллаұлы Өміржанның қанжығасына байланды


Сонымен қатар конкурсқа шәкірт дайындап, іс-шараға белсене қатысқаны үшін дарынды жастардың жетекшілері ескерусіз қалмай, алғыс хатпен марапатталды.

 

«Өнер-fest» фестивалі – мың бұрала билеген бишілердің сайысы «Хореография» жанрындағы конкурспен қортындыланды. Аталған бағыт бойынша іріктеуден іркілмей өткен 15 өнер ұжымы өз өнерлерін ортаға салды. 

 

Бишілердің шеберлігін бағалаған қазылар алқасының құрамында да кіл мықтылардан жасақталды. Сазды әуенге ілесіп, ырғақ құдіретіне елітіп, сырлы қимыл мен сиқырлы қозғалыс жарасым тапқан доданың деңгейі жоғары болды.

 

Конкурс нәтижесінде  «Диндалле» корей халықтық би ансамблі Бас жүлдеге лайық деп танылды. Үздік атанған би ұжымдарына маусым айында Алматы қаласында өтетін Халықаралық жобаға жолдама берілді. Осылайша екі күн бойы Жезқазған аспанын ән мен би тербеп, таланатты балалардың талабы қайралды!

 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, Нұрдәулет Жастілекұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты