Қос байқауға Ұлытау ауданы және оған қарасты ауылдардан 30-ға жуық бала қатысты. «Күміс қоңырау»байқауында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балғындар , әнші балапан байқауында 7жастан 13 жасқа дейінгі балалар өнерлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылар осындай ән байқаулары өрендердің бағын ашатынына сенімді.
Мадина ЖҰМАБАЕВА Ұлытау аудандық мәдениет үйінің әншісі
Әр ауылдан іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысқалы отыр. Мақсат- балалардың өнерін дамыту, қолдау білдіру.
Байқау болғандықтан балалардың әнді орындау сапасы, шеберлігі, сахналық мәдениеті және әнді көрерменге жеткізе білуі бағаланды. Камила Қабден «әнші балапан ән байқауы» бойынша 7-10 жас аралығындағы қатысушылар арасынан бас жүлдені иеленді.
Камила ҚАБДЕН «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы
Ұлытау аудандық өнер мектебінде вокал сыныбының орқушысымн. Іріктену кезеңінде бас жүлде иелендім. Және облыстық республикалық байқаулардың жеңімпазымын.
Әсем әуенді тыңдарманның жүрегіне жеткізіп, орындай білу қажырлы еңбекті талап етеді. Балғындар әлі де осындай талай байқауларда шыңдалатын болады. Жүлдегерлердің барлығы да бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ