ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Қаллеки театры - Жезқазғанда

Бөлісу:

«Қаллеки» театрының ұжымы төрт күн бойы Жезқазған қаласының тұрғындары мен қонақтарына 4 спектакль және театр хорының концертін тарту етпек. Алғашқы күні Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасын көрермен назарына ұсынады. Екінші күні, Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрамасы, сондай*ақ Шмиттің «Хат» философиялық драмасын қояды. Және де Серік Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясын көрсетеді. 


Артур Ізтлеуов Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры директорының әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары бойынша орынбасары 

Рухани-мәдени қолдау көрсету мақсатында келіп отырмыз. Барлық жезқазған халқын спекткальдерге шақырамыз. 11 мамары күні Шәмші элегиясын қоятын боламыз. Басты рөлде Нұркен Өтуілов ағамыз ойнайтын болады. Шәмші әндері қай уақытта қай заманда да халыққа жақсы көңілін көтеретін де ,ішінде терең мағыналы да әндері бар. 


Ал, 12 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының артистері көрермен назарына «Гүл Көктем» атты ән шашу кешін ұсынады. Театр артистерінен құралған вокалдық топ отыз жылдан астам уақыт үздіксіз жұмыс істеп келеді. Концертте Н.Тлендиевтің «Шіркін-ай»,  «Құстар әні», халық әндерінен попурри орындалады. Жан дүниеңізді тазартып, рухани демалып қайтамын десеңіз 9-12 мамыр күндері Қаллеки театры қоятын мәнді-мағыналы   қойылымдардан қалыс қалмаңыз. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты