Өңірде ауаны ластайтын зиянды заттардың 80%-і 5 ірі кәсіпорыннан тарайды. Ауызсудың да сапасы сын көтермейді. Байқоңыр ғарыш айлағына іргелес жатқандықтан, қатерлі ісік ауруымен ауыратындар саны жыл санап артуда. Жалпы, облыста шешілуі тиіс көптеген мәселе бар.
Еділ ЖАҢБЫРШИН ҚР Парламенті Мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы
Облыста көптеген мәселелер бар екені анық. Аймақта қоршаған ортаның елеулі ластануы және атмосфераға зияндың заттардың шығындыларының жоғары деңгейі байқалады.Сонымен қатар тұрғындарды жылу және сапалы ауызсумен қамту өзекті болып отыр.
Көшпелі отырыста облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы экологиялық ахуалды бағамдау үшін «Экосервис-с»ЖШС ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Ал ауызсу мәселесі кезең кезңімен шешімін таппақ.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ ҰЛЫТАУ обьлысының әкімі
Бүгінгі күні 51 км Үйтас Айдостың Жезқазған қаласын су құбыры келе жатыр. Биыл аяқталу керек. Гидроцехта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ендігі жылы толықтай судың сапасын көтергенімізді көрсеу керек іс жүзінде.
Экологиялық және энергетикалық мәселелерді шешу жолдары заңдарға өзгерту енгізу ғана емес, қаражаттың мәселесі де бар дейді, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыладин.
Ерболат САТЫБАЛДИН ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Нақтырақ айтатын болсақ Бөргесай Өндірістік қалдықтарды жинаған орын, сол жердің шаң-тозаңы көтеріліп, Жезқазған қаласының ауа райына және Кеңгір су қоймасының суына араласу фактілері бар.
Комитеттің отырысынан кейін Үкіметке белгілі бір тұжырымдама дайындалады. Кейін ол Үкіметтің әрі қарай жұмыс атқаруы үшін негіз болады.