ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыстағы этномәдени бірлестіктер аккредитациядан өтеді

Бөлісу:

220 мыңнан астам халқы бар Ұлытау облысында 50-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олардың арасындағы бірлік пен ынтымақтың ерен үлгісі көктемгі су тасқыны кезінде тағы бір мәрте дәлелденді. Бір мақсат мен мүдде жолында күш біріктірген еріктілер мен Ассамблея жастары гуманитарлық көмек жинауға елеулі үлес қосты.

 

Берік ӘБдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі

-( көктемгі су тасқыны кезінде ассамблея мүшелері үлкен еңбек атқарды. «Жүректен-жүрекке» акциясы аясында біздің өңір Қостанай облысына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Кәсіпкерлермен бірге этномәдени бірлестіктер, ерікті жастар мен ассамблея мүшелері осы жұмысқа белсенді араласты.)


Ассамблея жиынына С.Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрының музыканты, «Қарсақбайдың сары қазағы» атанып кеткен Аркадий Побединский де қатысты. Жуырда ғана Президенттің қолынан «Шапағат» медалін алған ол Мемлекет басшысымен кездесу мені келесі белестерге жігерлендірді дейді.

 

Жиын барысында этномәдени бірлестік өкілдері бірнеше ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ Этносаралық байланысты нығайту мен су тасқыны кезінде қолдау білдірген азаматтарға облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді.

 

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты