Алдымен аудан әкімдігінде жиын өтті. Оған Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Абишев, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының облыстық үйлестірушісі Даулет Сейтпеков, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ ауданға қарасты ауыл әкімдері зум платофрмасы арқылы қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі Аманжол Мырзабеков 2023 жылы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайлы баяндама жасады. Ұлытау ауданы әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия құрылған болатын. Бұл комиссия жұмысын жоспарға сәйкес атқарып отыр дейді аудан әкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Ұлытау ауданының әкімі
2023 жылы 2 комииссия өткізліді, өзекті 60 сұрақ қаралып тапсырмалар берілді. Жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан шамалы кемшіліктер болды. Аудан әкіміне қарасты 1 мекеме басшысы сыбайлас жемқорлыққа қылмыс үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды. 1 басшы сыбайлас жемқорлыққа әкімшілік құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Абишев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы заңнамадағы түзетулер жайлы баяндады.
Қуанышбек АБИШЕВ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары
Соңғы жылдары сыбайлас жемқорылқпен күресті күшейту аясында бірқатар маңызды заңнама шаралар қабылданды....
Одан әрі департамент өкілдері білім беру ордасына барып,білім беру саласында кездесетін жемқорлық фактілері туралы айтып,жастарды адалдыққа шақырды.
Жаслан ХАМИТОВ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Біз айтамыз ғой 1 процент үйретіп айтсақ 10-11 сынып оқушыларына адал жолмен жүріңдер деп,ол баланың есінде қалады. Кейін айтып жүреді апай айтып еді адал жолмен жүрңідер жеп.
Кездеулер легі кәсіпкерлермен жалғасты. Онда да департмент өкілдері жемқорлыққа қарсы атқарылп жатқан жұмыстарды баян етті. Сондай-ақ, полиция бөлімінде де болып полиция бөлімінің жеке құрамын жемқорлыққа қарсы саясатты ұстанып, бұл салада жұмысты күшейтуге шақырды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ