Делегация алдымен Кеңгір су қоймасының бойындағы Бөргесайға барды. Алғашқы кеніштер ашылған уақытта дәл осы Бөргесайға келіп, зауыттан шыққан қалдықтар төгіледі екен.Кейін, үйіліп тарихи қоқысқа айналды. Тарихи деп айтуға себеп бар, 1953 жылы кеніштер ашылғаннан бастып төгілген өндіріс қалдықтары әлі күнге дейін жатыр. Жел тұрса, болғаны жанағы қалдықтар ауаға тарайды. Одан келетін зиянды бағамдай беріңіз. Мұны жою үшін қаражат қажет.
Қуат ИМАНТҮСІПОВ Ұлытау облыстық табиғи ресурстар және табиғат падалануды реттеу басқармасының басшысы
Бүгінгі күні міне Парламент Мәжілісінің депуттаттарының алдында көтеріп жатрымыз бұл мәселені. Біздің мақсатымыз алдағы уақытта 160 гектар Бөргесай жерін осы республикалық бюджеттен қаражат қарастырып осы жерді қайта құнарландыруды (рекультивация) жасауды жоспарлап отырмыз.
Қазіргі таңда «Қазақмыс»корпорациясы жерді қайта құнарландыру үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындап жатыр. Одан әрі ҚР Парлменті Мәжілісінің депутаттары бастаған топ Қаныш қалап кеткен ботникалық баққа барды. Бақтың жағдайы да көңіл көншітпейді. Аумағы 62 гектарды құрайтын ботаникалық бақта 1300-ге жуық өсімдіктің түрі бар. Басты қиындық: жел соққанда іргесіндегі өндірістік қалдықтар өсімдіктерді тұншықтырады. Суару жүйесі айтпаса да түсінікті. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаға сәйкеспейтін жағдай, ботаникалық бақты көшіру мәселесі сонау 1958 жылы-ақ көтерілген.Әлі күнге дейін айтылып та жазылып та жатыр. Тіпті бағы байланған бақ аталып кеткелі қашан. Енді бақтың бағы ашылатын сыңайлы.
Гүлнар СИТПАЕВА Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры
Қазір су қоймасының шығыс бөлігінен 19 гектар жер бөлінді. Сол аумақтан жаңа бақ жасаймыз. Ал мынау аумақ қалады. Тек оны Жезқазғанды көгалдандыруға арналған өсімдіктерді өсіреміз деп отырмыз.
Келесі нысан- кәріз суларын тазалайтын орталық. Бұл орталық та сонау 1966 жылы салынған. Тәуілігіне 45 мың текше кәріз тазаланады.Содан Кеңгір өзененің төмен бөлігіне лақытырлады. Бүгінде кәріз суын тазарту жүйесі әбден тозған.
Біркен ҚҰЛМАНОВ жылу және сумен жабдықтау кәсіпорын директоры
Қазақмыс пен Ұлытау облыстық әкімдігі қол қойылған меморандум бойынша үлкен жоба жасалынып жатыр, енді госэкспертизаға кіреді. Сосын ол жабына үкіметтен немесе Азия банктен содан ақша сұрап жатырмыз.
Жоба бойынша кәріз суларын тазалайтын су жаңа орталық ескі орталықтың жанынан салынбақ. Жоба құны 17 млрд теңгені құрап отыр.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Жалпы ескірген, 90 пайыздың үстінде тозған жабдықтардың бәрі. Бұл жерге де жобалық сметалық құжат жасақталып, қай жерде қандай технология қолданылады, бұл жобалық сметалық құжат шыққаннан кейін белгілі болады.
Тозығы жеткен кәріз суын тазалайтын орталық қазаір тек сол жердегі жұмысшылардың арқасында жұмыс істеп тұр.
1969 жылы Жезді өзенінің бойынан салынған сыйымдылығы 76 миллион текше метрлік су қоймасының күйі де назардан тыс қалмады. «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік қалдықтарын сүзгіден өткізген техникалық суы мен Сәтбаев қаласы кәріз жүйелерінің жеткілікті тазаланбаған ағындыларының Жезді өзеніне келіп құйылуы су сапасын мүлдем нашарлатып, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға жарамсыз жағдайға жеткізген көрінеді. Тіпті, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау су жарамыз деген қорытынды берген. Алайда, басқа мамандар су таза,балық аулап жеп отырмыз дегендері де бар. Дегенмен, экологтар мұны толық зерттеуі тіис.
Ерболат САТЫБАЛДИН ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ауыл шаруашылығына пайдаланатын болсақ, судың қанша көлемінде сұраныс болады, одан кейін әрі қарай суды жеткізетін шаруашлықытарға дейін 16 шақырымдық насос қондырғылары бар обьект салу керек.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутататтары осы мәселенің анық-қанығына жету үшін облыстық мәслиахттың шешімімен әкімдікпен арнайы комиисия құрылып, тиісті зерттеулер жүргізу қажет деп санайды. Жалпы, Жезқазғандағы экологиялық мәселелерді көзбен көріп шыққан депутаттар назарда ұстайтындарын жеткізді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ