«Халық банктің» 100 жылдық белесіне – Ұлытау халқына жасаған сыйы «Наурыз» саябағында орналасқан шағын футбол алаңы. 47 млн теңгеге салынған алаң заманауи үлгіде жабдықталған, жаз мезгілінде кешкі уақытта да доп тебушілер үшін арнайы жарық шамдары орнатылған. Алаңның ашулы салтанатына облыс әкімінің орынбасары Алмас Ыдырысов пен банк басшылығы арнайы қатысты.
Нысан спорт сүйер қауым үшін ғана емес, облыс тұрғындары үшін де маңызды, себебі өңірімізде жыл сайын салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға ниет білдірушілер саны артып келеді. Ашылу салтанатынан кейін мұнда Жезқазған музыкалық колледжі және Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің студенттік футбол командалары «Халық Банкінің» кубогын сарапқа салды.
Айта кетейік, «Халық Банкі» Жезқазғаннан бөлек Қазақстанның 25 қаласына балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңын салдырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға инватаксилерді сыйға тартты.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы