Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдайтын Мемлекет» тұжырымдасы шеңберінде билік өкілдері бұқарамен тоқсан сайын жүздесіп тұру керек. Осы мақсатта ұйымдастырылған кездесуге келген халықтың қарасы қалың болды. Алдымен қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Қазір шаһарда жол жөндеу жұмыстары қызу жүргзілуде. Халықты толғандырған сауалдардың дені әдеттегідей осы коммуналдық салада...
Жуырда тұрғындар игілігіне 20 жаңа автобус пайдалануға берілмек. Қаланың 70 жылдығы аясында өзге игілікті істер қолға алынбақ. Жүздесуден кейін қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көтерілген сұрақтар мен айтылған ұсыныстар шаһар басшылығының тікелей қадағалауында болмақ...
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы