ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жиын

Бөлісу:

Ұлытау облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 600 ге жуық адам мен 158 бірлік техника, 52 су сору құрылғысы және 4 жүзу құралы бар күштер мен құралдар топтамасы дайындалған. Облыс аумағында қардың күрт еруі мен қарғын судың күш алуы 23 ші наурызда басталды. Жезді өзені арнасынан асты. Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында бірнеше үйге су кірді. Қауіп толықтай сәуірдің алғашқы онкүндігінде сейілді. Бұл ретте күшейтілген режимде қызмет атқарған төтеншеліктердің еңбекі орасан...

 

Есен БАйыров, Ұлытау облыстық ТЖД бастығы

-(«Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалы деректеріне сәйкес су тасқыны кезеңінің басында Кеңгір су қоймасының жалпы  көлемі 213,533 млн. текше метрді құрады. Судың келуі нормасына сәйкес 128 млн. текше метр құрағанда,130-170 млн текше метр көлемде күтілді, алайда су тасқыны кезеңінің басынан су қоймаға 413  млн. текше метр су құйылып, 307 млн. текше метр су Сарысу өзеніне ағызылды.)


Өңір басшысы – келер жылғы көктемге дайындықты қазірден бастау керектігін айтты. Су шайған жолдарды қалыпқа келтіру барысында су өткізгіштердің санын көбейтіп, қажеттілік туындаған жерлерге бөгет салу жұмыстарын қолға алуды тапсырды. 

 

Аталған жиында алдағы өрт қауіпсіздік кезеңі мен суға шомылу маусымына дайындық шаралары да баян етілді. Бұл бағытта салаға жауапты мамандар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қатар бірнеше шараларды қолға алған.


Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты