Жарысқа республикамыздың бірнеше облысынан келген 2008-2009 жылдары дүниеге келген 70 ке жуық жасөспірім боксшы жиналды. Былғары қолғап шеберлері түрлі салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтына анықтайды.
Алдымен дүбірлі дода қатысушыларын Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары құттықтап, жас өрендерге сәттілік тіледі.
Жарысты өткізудегі негізгі мақсат: жасөспірімдердің бойына патриоттық тәрбие сіңіру, салауатты өмір салтын қалыптасыру, заманында қарсылас шақ келтірмеген жерлесіміз Алмаз Ыбрахымұлының есімін жаңғыру және насихаттау.
Қысқа ғана ғұмырында 97 жекпе жек өткізіп, оның 85 ін жеңіспен аяқтаған шаршы алаң шеберінің спорттағы жетістіктері – өскелең ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз.
Жарыс 4 күнге созылады. Жеңімпаз атанған спортшылар халықаралық додаларда бақ сынайтын болады.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы