Тұрғындармен ашық есік күнін өткізуді – Әділет департаменті дәстүре айналдырған. Себебі мұнда келушілер заң саласынла өздерін толғандырған сауалдарды тікелей кәсіби мамандардан ала алады. Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштері мен шағымдарын сауатты түсіндіру ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындарына әділет органдарының ашықтығы мен қолжетімділігін көрсету.
Азаматтар сот актілерін орындау, алимент өндіру, мүлікке тыйым салу және өзге де сұрақтар аясында кеңес алды. Департамен басшылығы мұндай ашық есік күнін өңірге қарасты қала аудандарда өткізуді де жоспарлауда.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы