Қабылдауға алғаш болып кірген Қарсақбай кентінің тұрғыны Ғалымжан Бирзадинов жер мәселесін қаузап келген. Ол конкурс арқылы ойнатылған жерді беруді сұрайды. Жауаптылар тұрғын сұрап келген жер учаскесі конкурсқа шығарылып, жеңімпаз анықталғанын айтты. Кент тұрғынына конкурсқа қатысуға құжат тапсырсын делінген, алайда құжат тапсырмағандықтан конкурсқа қатыстырылмаған. Ал, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Асқар Қошанов бірден бірнеше мәселені көтеріп келді. Кеншілер қаласындағы бейнебақылау камераларына мониторгинг жүргізу керек дейді.
Асқар ҚОШАНОВ Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты
Біз тұрғындарға жақын арада есеп беруіміз керек. Мен қалай,не деп жауап берерімді білмеймін. Бұрыңғы әкім сауалдарымызды ысырып қоятын. Қалада бейнебақылау камералары жұмыс істей ме деген депутаттық сауалға 42 күн жауап күттік. Біз халық қалаулылары ретінде бұл мәселеге бей-жай қарай алмаймыз.
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2-ші сұрағы қалада айықтырғыш орталғының жоқтығы.
Асқар ҚОШАНОВ Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты
Ләззат Нәбиқызы Сәтбаев қаласында айықтырғыш орталығын ашу тиімсіз деді. Бірақ 2 жыл бойы уәде беріп келді ғой, саламыз,ашамыз,жасаймыз деп. Енді экономикалық жағынан тиімсіз деп отыр.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Қазір, менің орынбасарымның төрағалығымен комиссия құрылады, жақын арада талдау жасалады, Бұл қажет пе? Қажет болған жағдайда нақтылауға ақша бөліп, күзге қарай жыл соңына дейін талапқа сай ашамыз.
Тағы бір тұрғын, пәтер мәселесімен жүгінді. Жалпы, қабылдауға жазылған барлық тұрғынның тілегін тыңдаған облыс әкімі заң аясында жауап қатты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ