«Халықтар Достығы мен Мәдениеті үйінде» өткен шара ғимарат кіреберсінде келуішлерді күмбірлеген күймен күтіп алудан басталды. Әрі қарай мектеп оқушылары өз қолдарымен дайындаған көрме көптің назарына ұсынылды.
Кештің басты кейіпкерлері аталған оқу ордасында балалары оқитын Әкелер қауымы. Қоғамдағы ер-азаматтардың рольіне қазақы дәстүрмен басымдық беріп, әкелер мектебінің маңыздылығын арттыруды көздеген жобаға облыстық білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова мен қалалық мәслихат төрағасы Раушан Қапарова қатысып, ұжымдағы ер мұғалімдерге марапат жасады.
«Абай» мектепті оқу жылын жоғары жетістіктермен қортындылауда. Білім шаңырағындағы бірнеше бағытта жұмыс істейтін үйірмелер осы кеште үйренгендерін ортаға салды. Әуелете ән шырқалды, әсерлі әңгіме айтылды.
Бала тәрбиесіне бей-жай қарамайтын белсенді әкелер құрмет биігіне көтерілді. Оқу-тәрбие процесінде ұстаздарға әрдәйім қолдау болатындықтарын да жеткізді.
600 ге жуық оқушы ілім теретін алтын ұяның – әкелерге жасаған әдемі кеші дәстүрге айналса деп тарқасты жиналғандар...
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |