Өткен жылы ғана құрылған «Ұлытау» футбол клубының бірінші лигадағы аяқ алысы да жаман емес. Павлодардың «Екібастұз» командасын өз алаңында қабылдаған жерлестеріміз ойын басталсымен шабуылға басымдық берді. Нәтижесінде 19 шы минутта Жасұлан Молдақараев есеп ашып, 1 ші тайм 1:0 есебімен ұлытаулықтардың пайдасына аяқталды.
Екінші таймның басында қарымта шабуылда 1 жоп жіберіп алған «Ұлытау» артынша жанкүйерлер қолдауымен есепте қайтадан басымдыққа ие бола алды. Жасұлан Молдақарев дубль жасады. 2:1 есебімен жеңіске жеткен біздің команданың келесі қарсыласы – «Қыран» командасы.
Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы