Бұл жолғы сенбіліктің маңыздылығы жоғары. Ілкімді іс пен қатар мол сауапқа кенелетін шараға жезқазғандықтар көптеп жиналды. Таңертеңгі 10 нан басталған тазалық жұмыстарына 100 ге жуық адам, 3 бірлік техника жұмылдырылған.
Бес күн жалған дүниенің бір күні таусылатынынын түсіндіріп тұрған мазарлар маңайы айналасы 2 сағаттың ішінде жинақы қалыпқа енді.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы берген ақпаратқа сүйенсек аталған тазалық жұмыстарында 5 тонна қоқыс қалдықтары шығарылған. Сауапты шара қатысушылары мұндай жұмыстарға белсене қатысуға қашан да дайынбыз дейді.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы