Қоғамдық кеңес отырысын оның төрағасы Бауыржан Бегенов ашып жүргізіп отырды. Оған қала әкімінің орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары,прокуратура өкілі, басқарма, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: коммуналдық салаға қатысты. Қостанкелді, Бекболатсай, 7,8 ықшам ауданындағы коммуналдық желілерде проблема жоқ емес бар деді Ұлытау облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы
Алмаз ЖАНДАРБЕКОВ Ұлытау облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы
-жаңадан салынып отырған коммуналдық желілердің барлығы қаланың балансында. Жалпы бұл жерлерді күтіп ұстау біраз қиындарды талап етеді, сол себептен қазір ПТВС-тің балансына беру жұмыстарын бастап кеттік.
Қала әкімінің орынбасары Берік Әбен Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шарауышлық бөлімі мен Қазақмыс Дистрюбишн электр желілері компаниясы арасында коммуналдық меншікке өткізген электр желілерін сенімгерлікке беру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және экология комиссиясының төрағасы Медет Бейсембаев бүгінгі күні облыс бойынша иесіз жүйелердің көлемі нақты анықталмай жатқанын, жүйелер әбден тозғанын, су құбырлары жарылса жөнделуі жыр болатынын тілге тиек етті. Әрине задрбын халық көретіні айтпаса да түсінікті. Енді осы жұмыстарды ретке келтіру үшін арнайы мониторингтік топ құрылады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ