Мәңгілік алау.Сап түзеген сарбаздар. Бейбіт аспан. Осы бейбіт аспанның астында ұрпақтары алаңсыз өмір сүру үшін қырқыншы жылдары мыңдаған боздақ майдан даласында қан төкті. Олардың жанқиярлық ерлігі еш ұмытылмайды. Жиналған көпшілік жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды. Гүл шоқтарын қойды.Құран бағыштады.
Тыл ардагері Балымша Жарасбаева соғысты көрмегенімен, оның сызын сезген. 88 жастағы әжейдің сол уақытта жасы небәрі 8-9 жас шамасында еді. Анасымен бірге егін ору, мал бағу жұмыстарын атқарған.
Балымша ЖАРАСБАЕВА тыл ардагері
Жақсы балалық шағымыз болған, жақсы ойыншық онйамадық.тек күйбең тірішілкпен күн кештік. Бірақ Ұлы жеңісті осыншама күттік,жеңістиі көрдік. Кейінгі жастарға айтатыным Отанды жақсы көру керек. Білмді болыңдар.
Бұл мереке-қуаныш,қайғы,естелік, құрметті біріктірген. Тарихтың ең қайғылы парағының жабылған күні. Иә, уақыт сынаптай сырғып өтуде. Бұл жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді. Бірақ, отан үшін жан алысып,жан беріскен жауынгерлерге деген құрмет пен алғыс сол қалпында қалмақ.
Дәурен САРСЕНБАЕВ Ұлытау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
Соғысқа қатысқан, соғыстан қайтпай келген ата-балаларымызға құран бағыштадық. Отан үшін, ел үшін қызмет етеміз. Жеңіс күні құтты бослын
Жиналған көпшілік сондай*ақ кітапхана алдында жауынгерлік әндер мен соғысқа аттанған боздақтарға деген сағыныштан туған әндерді тыңдады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ