Бұл жолғы турнир «ел ертеңі жастар» деп аталды. Алдымен, шара мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен ашылды. Оның ашылу салтанатына облыстық басқарма, қалалық білім бөлімдерінің басшылары және Қабден Шыңғысовтың ұлы Мұрат Шыңғысов арнайы келіп қатысты.
Мұрат ШЫҢҒЫСОВ Қ.Шыңғысовтың ұлы
Әкеміздің арманы орындалып келе жатыр деп ойлаймын. Бұрын 5 мектеп баыснда тек орыс тілінде ғана болса,одан кейін аралас болды,қазір қаза тіліді мектепке айналды. Әкем білімге құштар жан еді. Бүгінгі дебатқа сәттілік.
Қабден Шыңғысов атындағы дебат ойыны осыдан 10 жыл бұрын бастау алған.Алдымен ,қалалық,одан кейін аймақтық болып өткізіліп келсе бұл жолы алғаш рет облыстық деңгейде өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде белсенді жастар өз ойын қалыптастыруға, шығармашылық белсенділігін арттыруға әбден төселгенін көрсетіп келді. Биылғы сөз бен ой бәсекесіне Ұлытау облысына қарасты қала-ауылдардан барлығы 20 команда бақ сынады.
Ғабдол ӘУЕЗОВ бас төреші
Биылғы жылы біз қазақ,орыс лигасынан басқа, ағылшын лигасын кіргіздік. Ең негізгі ерекшелік осы. Бұл ойында 2 адамдық ойын. Төрешлілердің барлығы өз ісінің маманы.
Пікісайысшыларды бұл заманның ойшылдары десек артық айтқандық емес. Пікірлер алаңында жиналған оқушылар ойларын жүйелеп, тыңдап, талдап мәселенің басын ашуға тырысты.
Аниса ОМАРБЕКҚЫЗЫ пікірсайыс қатысушысы
Ел ертеңі жастар тақырыбында дебат өткізіліп жатыр. Барлық ойыншылар жақсы дайындықпен келген. Біздік команда үкімтеп позициясында жақсы ойын көрсеттік.
Атап өту керек, өңірдің білім беру ұйымдарында оқушылар мен жастар арасында пікірсайыс ерекше қызығушылыққа ие. Биылғы сөз жарысы соның дәлелі. Дебат соңында өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білген үздік пікірсайысшылар анықталып, салтанатты түрде марапатталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ