ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Бокстан өткен бірегей жарыс

Бөлісу:

2008-2009 жылдары туған өрендер 4 күн бойы бақтары мен баптарын саралады. Жалпы жарыс жолында бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен мықтылардың есімдері анықталды бұл күні. 


Сайлаубек ЖУРИНОВ Жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші

Бүгінгі жарыста 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер анықталып жатыр. Бұл турнирге Алматы,Ақтөбе,Қарағандыдан келіп қатысып жатыр. Ендігі жылы халықаралық дәрежедегі турнирімізді өткіземіз бе деп отырмыз. 


Қатысушылар арасында облыстық, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаздары да бақ сынады. Жезқазғандық Нұртас Айдарбек   ақтық сында Қарағандылық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып жеңіс тұғырынан көрінді. 


Нұртас АЙДАРБЕК 52 келі салмақ дәрежесінде 1орын иегері

Жекпе-жеке қиынға соқты. Алланың қалауымен жеңіске жеттім. Болашақта үлкен жерлерді бағындырсам деп армандаймын. Дайындығымды жалғастыра беремін. 


Алмаз Асановты еске алуға арналған турнирді өткізу дәстүрге айналған. Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын  насихаттап, балаларды спортқа тартуда септігін тигізуде. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты