ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Асық атудан облыстық сайыс

Бөлісу:

Ұлытауда кейінгі жылдары кеңінен көңіл бөлініп, дамып келе жатқан спорт түрі – асық ату! Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Қазақстан чемпионатына жолдама ретінде өтіп жатқан бұл жарысқа 4 жас ерекешлігі бойынша 30ға жуық спортшы бағын сынады. 


Бекжан  КАБЖАНОВ асық аутдан аға жаттықтырушы 

Алдағы уақытта бізде, Кейкі мерген турнирі мен Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама осы аудан ардагерлері арасында туринр өткізіп жатырмыз. Былтыр Қазақстан кубогында 20 облыстың ішінде 5 орынға тұрақтаған болатынбыз. Алдағы мақсат үздіктер қатарынан табылу.


60-69 жас арасында бестабан ойынынан сынға түсіп асығы алшысынан түсіп жеңіске жеткендердің бірі Мақсұт Смаилов. Ол осы ойын түріне осыдан 3 жыл бұрын қызығушылық танытқан екен. 


Мақсұт СМАИЛОВ жарыс жеңімпазы 

Спортпен айналысуға тырысамын. Осы жерге келіп бір мезгіл уақытымды бөліп асық атамын, жүгіремін. Мәреге жетіп тұрғаныма қуаныштымын. Мысалы әрмен қарай ойнай бергім келеді. Асықты осы жерден үйрендім. Қызығушылым өте жоғары. Оның сыртында асық ату деген кәдімгі жаттығу.


Сонымен, жарыс жеңімпаздары марапатталды. Оларға арнайы сый тапсырылды. Айта кетейік, жарысқа Ұлытау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болды. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты