Облысымызда мейіргерлер өздерінің білімдерін жыл сайын арттырып біліктіліктіліктерін жоғарылатып, халықаралық, республикалық деңгейдегі іс-шараларға, конференция, семинарларға белсене қатысады. Біздің елімізде денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық міндеттеріне сай, саланы жаңа формациядағы мейіргерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 2025 жылы 7% - ға жетуі керек. Ұлытау облысында ол қазірдің өзінде 5% - құрайды.
Ляззат РАНОВА Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Статистикаға сәйкес, барлық науқастарға жасалатын күтімнің шамамен 80% мейіргерлердің иығына түседі. Біздің облысымызда 2350-ге жуық мейіргерлер азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтауға үлес қосуда.
Мейіргерлердің мерейін үстем қылған шарада бір маман «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және Сарысу ауылында 34 жылдан астам мейірбике болып қызмет етіп келе жатқан Гаухар Қозыбай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Гаухар ҚОЗЫБАЙ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелісінің иегері
Осы мамандықты таңдағаным үшін еш өкінбеймін.Марапат алып жатырмын. Министрлігімізге және облыстық денсаулық сақтау басқрамасына алғыс білдіремін.
Тағы бір топ сала мамандары ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен,алғыс хатына ие болды. Марапат алғандардың қатарында Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасының жалпы тәжрибе мейіргері Құралай Балдаева да бар. Жалпы еңбек өтілі 30 жылды құрайды екен.
Құралай БАЛДАЕВА ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамторасының иегері
Дәрежеміз, еңбек еткеніміз ақталып жатқанына қуаныштымын. Жаңаарқа ауданының ұжым басшылары көп рақметімді айтамын.Әлі де болса халыққа адал қызмет етуге әрқашанда дайынмын.
Ұлытау облысының құрмет грамтасы мен алғыс хаттары да тапсырылды. Осылайша бұл күні адам жанының арашасы болған мейірімді жандардың төккен тері мен еткен еңбегі еленді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ