Облыстық көпбейінді ауруханада 32 бөлімше бар онда 358 мейіргер қызмет атқарады. Қарлығаш Сағындықова- Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасына мейрігер болып небәрі 18 жасында келген. Жүгі ауыр салада қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанына биыл 30 жылдан асыпты. Өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігі, мамандығын атақ пен абырой үшін емес жай ғана қызметін жақсы көруге жетеледі.
Қарлығаш САҒЫНДЫҚОВА облыстық көпбейінді аруханасының аға мейіргері
Осы еңбек жолымды таңдағаныма еш өкінбеймін. Мереке қарсаңында осы жұмыстың ыстық-суығына көніп келе жатқан әріптестерімді құттықтаймын.
Ұлытау облысы медициналық ұйымдарында қызмет көрсетіп жүрген орта буын медицина қызметкерлерінің 95% ы Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің түлектері. Жалпы жоғары колледж статусын алғаннан бергі 5 жылда халықаралық стандарттарға сәйкес, қолданбалы бакалавр деңгейіндегі 165 мейіргер оқу орнын тәмамдаған. Бүгінгі таңда 5 мейіргер магистратурада дәріс алуда. Бұл мейіргерлерге дәрігердің кейбір функциялары беріліп, оларды қосалқы жұмыстардан босатуға септігін тигізуде.
Меруерт МОЛДИНА облыстық жоғары медициналық колледжінің директоры
1961 жылы біздің колледж ашылған кезде, 1 мамандық осы мейргер ісі мамандығымен ашылған болатынбыз. Бүгінгі таңда біздің колледжде 5 мамандық 6 біліктілік бойынша орта буынды медицина қызметкерлерін даярлаймыз.
Мейіргер дәрігердің оң қолы дейді. Ендеше олардың біліктіліктерін артыру және әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар жалғаса берері хақ.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ