ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Үйтас - Айдос су құбырының құрылысы қарқынды

Бөлісу:

Жезқазғанда аузысу мәселесі өзекті. Тұрғындар тұтынатын ауыз судың 60 пайызынан астамы  Кеңгір су қоймасынан, қалған бөлігі Үйтас-Айдос жерасты су көзінен алынады.  2022жылдан бері Үйтас-Айдостағы құрылыс жұмыстарын  «Bi Global» ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізіп келеді. Қазір бұл учаскеде гидротехникалық құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл сифондық өткел Кеңгір су қоймасының түбіне салынады.  


Ғалым САГНАЕВ жоба жекетшісі 

Таза ауызсуға қол жеткізу мақсатында жасалып жатыр бұл жұмыстар.Президент бақылауындағы тапсырма орындалу үстінде.Мұның барлығы аяқталса 70 пайыз суды «Үйтас-Айдос»-тан алуға болады. 


«Жезқазған қаласындағы су тазарту қондырғысына су құбырын тартумен Үйтас-Айдос су алғышының ІІ көтергіш сорғы стансасын қайта құру» жобасының бірінші кезеңінің жалпы құны 16,9 млрд теңгені құрады. 2024 жылға дейін жобаға республикалық бюджеттен 4,3 миллиард теңге қаржы бөлініп, 18 шақырым желі тартылған. 2024 жылы республикалық бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінді.Оған 32 шақырым желіні тарту жоспарлануда. Жалпы, Үйтас –Айдостың Ұзындығы 51 шақырымды құрайды. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты