Жалпы, «тарихта өз атыңды қалдыр» акциясы 2017 жылдан бастау алған. Көпшілігі этнографиялық, нумизматикалық, палеонтологиялық және тұрмыстық жәдігерлерді тапсырған. Ал осы қаңтар айы мен 14 мамыр аралығында ұйымдастырылған акцияға 150-ге тарта экспонат өткізілсе, комиссия шешімімен оның 12-і ірі іріктелініп алынды.
Ақнұр РЫСБЕКОВА Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің қор сақтаушысы
Атап айта кетсек акция барысында Ұлытау облысы Полиция департаментінің жедел криминалистикалық басқармасының ұжымы 1925 жылы Жапонияда Кидзиро Намбу жасап шығарған 14 типті «НАМБУ» моделді тапаншаны музей қорына өткізді. Бұл тапанша Жаңаарқа ауданында қарапайым құрылыс кезінде табылған.
Акция басталған уақыттан бері мәдениет жанашыры ретінде «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы Ұлытау филиалы демеушілік білдіріп келеді.
Руслан НҰРАХМЕТОВ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ұлытау филиалы бастығының орынбасары
Қаламызға елімізге істеп жатқан еңбектеріңіз зор. Себебі сіздер біздің елімізге,болашағымызға керек түрлі экспонаттарды,құндылықтарды сақтап,әрі қарай болашаққа жеткізетін сіздер.
Іс-шара барысында 46 жыл тарихы бар Музейдің тыныс тіршілігін баяндайтын бейнесюжет көрсетілді. Одан әрі музей басшысы қорға өткізген экспонат иелеріне алғыс хаттар мен сый тапсырды.Айта кетейік, бүгінгі таңда музей қорында 53684 мыңнан астам экспонат бар.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ