Семинарды «Аманат»партиясыҰлытау облыстық филиалы жанындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесші Гүлмира Қаженова ашып жүргізіп отырды. Алдымен партия филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков ананың рөліне тоқталып, мерейлі мерекемен құттықтады. Семинардың күн тәртібіне «Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем» мәселесі шығарылды. Себебі, соңғы кезде ұрлапты,қорлапты, зорлапты дегенді жиі естіп жүрміз.
Гүлмира Жаппасова Ұлытау облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Мемлекет басшысы атап өткендей біздің дана халқымыз әрқашан аналарды құрметтеп, қыздарына қамқорлықпен қараған. Іргесі мықты отбасылар қоғам өмірін көркейтеді,ал бір-біріне тең болмаған отбасылар қоғамды күйретеді
Ал, «Ақ әжелер»ансамбльінің мүшесі Шүкір Молдағалиева аға буын атынан сөз алып, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ана қателіктеріне тоқталды.
Шүкір МОЛДАҒАЛИЕВА «Ақ әжелер» ансамбльінің мүшесі
Бір азамт бүлінсе бір шаңырақ құлайды дейді. Бір қыз бала бүлінсе,сенің ұрпағың бүлінеді. Мұнда көрсетіліп отырған біздің аналарымыздың,қыздарымыздың қоғамдағы рөлі. Қандай болдық,қандай боламыз деген ой туғызатын сияқты.
Нәзік жандылар тек отбасылық өмірде ғана емес, саясатта, бизнесте, мемлекеттік қызметте және басқа да көптеген салаларда басты рөл атқарады. Жалпы әйел заты қазақ қоғамында қашан да ардақты саналған.
Раушан ҚАПАРОВА Жезқазған қалалық мәслихат төрағасы
Гендерлік саясат қазақ қоғамына қажет пе деген сұрақ туындауы мүмкін.Мен айтар едім әрине қажет. Атамыз қазақ ел басына күн туса ер азаматтармен бірге атқа қонған. Құқық атаулыдан тыйым салынбаған. Соның нәтижесінде қазақ халқы үлгілі ұлт бола білді.
Алдағы уақытта,бұдан өзге де өзекті мәселелері қаралып, көшбасшы әйелдердің жаңа буынын қалыптастыру негізге алынады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ