Фестиваль Жезқазған қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсаты- дарынды жастарды қолдау,ұлытаулық жас ақындар мен өзге өңірлердің жас ақындары арасында шығармашылық байланысты нығайтып шығармашлыққа бейім жаңа жастарды анықтау. Фетивальдің Абай ескерткіші алдында өтуі бекер емес. Себебі, бұл Поэзия патшалығы алыбының рухына деген тағзым.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Қадірлі жерлестер, құрметті қонақтар, баршаларыңызды фестивальге атсалысып,ерекше әсер алып, қарымды қаламгерлердің,жас ақындардың қаламынан шыққан әрбір туындыларына ерекше көңіл бөліп,фестивальге атсалысуларыңызға шақырамыз. Той құтты болсын ағайын!
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге бүгінгі қазақ поэзиясының бағын ашып, бағасын асырып жүрген ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан және еліміздің түкпір-түпкірінен жас ақындар арнайы келді.
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Мынау бүгінгі өтіп жатқан «Кеңгір керімсалы»атты кеш биылғы толған Кеңгірдің суы секілді айбынданып ертең үлкен халықаралық фестивальге айналсын. Ұлы бабамыздың басында осындай дүниелер өтіп жатқан жарасады. Осы шара қазақ руханиятына, әсіресе мынау біздің Жезқазған,Ұлытау өңірінің рухани өміріндегі үлкен бір жаңалық
Бауыржан ЖАҚЫП Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары
Бұған біз шын қуанамыз. Қазақстан Жазушылар одағында қазір мыңға жуық мүшелері бар. Мен арнайы Алматыдан келдім. Тілекші болып, жас ақындарға. Біздің жас ақындар осындай жерден шабыт алып, ғажайып өлеңдер жазса біз одан ұтамыз. Біздің әдебиетіміз ұтады. Халқымыз ұтады.
Облыс орталығындағы қалам қайратына сүйеніп, шығармашылықпен айналысып жүрген жас таланттардың бастамасымен «Ұлар» әдеби клубы құрылғаны белгілі.Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған Ұлытау облысының Құрметті азаматы,ақын Батырбек Мырзабеков «Ұлардың» маңыздылығана,өқміршеңдігіне тоқталды.
Батырбек Мырзабеков Ұлытау облысының Құрметті азаматы
Ұлардың да жырлары,алға басқан қадамдары қуантады. Жастар кәдімга алмаз қылыштай жарқылдап тұр. Абай атамыз айтқандай осы жақсы жыодың көркемдігін, әдеби клубтың ұзақтығына себепші болатын үлкен ақындардың ізін жайды деген сенімдемін.
Шара соңында зиялы қауым өкілдері бастап, жас ақындар қоштап Абай ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды. Бұл фестиваль дәстүрлі түрде өтетін, кең көлемді өлең көші боп жалғасады деген сенімдеміз.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ , ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ