Жәрмеңке жұмыс берушілер мен жастар арасынан ізденушілер арасында бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу және еңбек жағдайлары туралы ақпарат алмасуға, кездесуге ықпал ететін алаң ұйымдастыруды мақсат етті. Бұл күні 13 мекеме 113 бос жұмыс орнын ұсынды. Онда әртүрлі қызмет саласындағы жұмыс берушілер қатысты. Ал үміткерлер қатарынан студенттер, университет және колледж түлектері, жұмыссыз жүрген немесе кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздейтін жастар да табылды.
Нұргүл ТАЛҒАТБЕКОВА «Жастар рухы» жастар қанаты Ұлытау облыстық филиалының төрағасы
Алғашқы жұмыс орны және жастар тәжірибесі жобасы арқылы қазір біз жастарды қабылдап жатырмыз. Негізгі жобаның мақсаты-ешқашан,яғни бұған дейін мүлдем жұмысқа тұрмаған жастарды қабылдап 3 айға дейінгі уақытта яғни біз 30 айлық есептік көрсеткіште қаржысы төленетін болады. Жұмыс беруші тарапынан да қосымша ақшалар берілетін болады. Жалпы бұл бағдарлама жыл сайын жүзеге асады. Жыл сайын студенттер, түлектер келіп жұмысқа орналасып жатыр. Бұл жастарға және жұмыссыз жастарға үлкен мүмкіндік деп ойлаймыз.
Айта кетейік, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, тұрғындар ваканцияларды кез келген уақытта Enbek.kz сайтына кіріп те онлайн түрде қарай алады. Қазір онда Ұлытау облысы бойынша 865 бос жұмыс орны тұр.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ