ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Кеңгір керімсалы" фестивалі жалғасуда

Бөлісу:

Алдымен жинаналған көпшілік ұлытаулық ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жайлы баян етілген көрмені тамашалады. Одан әрі поэзия кеші басталды. Кеш тізгінін ақын Абай Ораз басқарды. Еліміздің әр өңірінен келген жас ақындар Кеңгір толқынындай керемет өлеңдерін оқып, жұртшылықты жырмен сусындатты.


Бексұлтан МАҒРҰПЖАН жас ақын

Республикалық жыр фестивальіне жаңаарқа ауданына келіп қалдым.Міне бүгінде облысымзда құрылған Ұлыар әдеби клубының мүшесімін. Осындай поэзия кештері жиі өтіп тұрса,осы Кеңгір керімсалы дәстүрге айналса деген тілегім бар. 


Әдемі кештің әсерлі оқиғасы- Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне 4 жерлесіміздің мүшелікке қабылданғандығы туралы ақжолтай жаңалық болды. Фестивальге Алматыдан арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып сахна төріне Мұқаш Сейітқазинов, Төлеш Асан,Сара Смағұл,  Ернұр Сейдахметті шақырып, Жазушылар Одағының мүшелік билетін табыс етті. Сондай- ақ, кеште ақын Жанат Әбдіғожиннің ,”Арнадым саған” кітабы  мен Ұлытау облысы жас ақындары антологиясының тұсаукесері өткізілді. Осылайша бұл күні Жезқазғанға жыр жауды, өндіріс өлкесі өлеңнің ордасына айналды. Айта кетейік, фестиваль жас ақын, әріптесіміз Мұқағали Сейтқазының «Маған сені жақсы көрген ұнайды» атты әдеби-сазды кешімен қортындыланады. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты