Отырысты әдеттегідей кеңес төрағасы Бауыржан Бегенов ашып, жүргізіп отырды. Аталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Арлен Уандыков пен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ақжол Құрмансейіт, басқарма басшылары қатысты.Күн тәртібіне 5 мәселе шығарылды. Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Қайрат Мутаевтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы туралы есебі тыңдалды
Қайрат МУТАЕВ Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін жер қатынастары саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы бұйрығымен «Жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі Е- gov порталында тікелуі керек еді.Алайда, бүгінде бұл мемлекеттік қызмет автоматтандырылған жоқ.
Сондай-ақ қоғамдық даму,кәсіпкерлік және өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармаларының басшылары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген ішкі талдау туралы есептерін баянады. Бірнеше ұсыныстар айтылды. Жиын қатысушылары жемқорлықпен күресті күшейту бағытында өзара пікір алмасты. Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің жанынан таяуда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі арнайы өңірлік комиссия құрылған болатын. Аталған комиссия саладағы негізгі мәселелермен тікелей айналысатын болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ