ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Бөлісу:

Қабылдауға алғаш болып кірген Жаңаарқа ауданының тұрғыны Шынар Өскенбаева. Аудандағы С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарған.Кейін бала күтімі бойынша демалысқа шығады. Қайта жұмысқа шығуға ұжымы қарсылық көрсетуде. Облыс әкімінен осылайша көмек сұрай келген. Тұрғынға еңбек заңнамасының нормалары түсіндіріліп, тамыз айында жұмысқа шығатынын,ешкім кедергі бомау керектігін айтты. Келесі тұрғын Сәтбаев қаласында әкім сайлауын өткізіп, халыққа таңдау жасау мүмкіндігін беруді сұрайды. Тұрғынға 2023 жылы пилоттық режимде Ұлытау ауданы әкімінің сайлауы өткен, 2025 жылдан бастап қалған аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда жаппай өткізіле бастайтынын айтты. 


Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі  

Ендігі жылдан бастап сайлауға болады. Биыл тағайындау. Сіздер ұсынсытарыңызды беріңіздер.Оны аппарат қарастырады. 


Сәтбаев қаласының тұрғыны Елдос Казжапаров жер мәселесін қаузап келген. Бүгінгі күні  бұл жер телімінде рұқсат құжаттарынсыз  «спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы» салынған, яғни спорт-сауықтыру кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс алаңын берілген жер учаскесінің ауданынан асыра пайдаланып 0,155 га мемлекеттік меншіктегі жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп отырғаны анықталып отыр.


 Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі  

Қанша арыз берсең де, бұрыңғы заң бөлек, қазіргі заң бөлек. Бұрын сондай тұғын заң. Жердің қасына жер қосып беруге болатын. Қазір ғимаратын болмай болмайды,өйткені көбісі саудаға айналдырып жіберді мұны. 


Зейнеткер Дәрікүл Кабулова болса өңір басшысына тұрғын-үй мәселесімен жүгінді. Барлық тұрғынның тілегін тыңдаған аймақ басшысы заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРЕГЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты