Шетелде демалып келген тұрғын өзін нашар сезіне бастайды. Келесі күні жағдайы күрт нашарлап, учаскелік дәрігерге қаралады. Учаскелік дәрігер холера дертінің белгіліері барын анықтап, бас дәрігерге хабарлайды. Бас дәрігер бірден инфекционистті шақырып, нұсқау бойынша әрекет етеді. Бұл оқу-жаттығудың сценарийі.
Нұрбол ЖОЛДЫБАЕВ Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Мұны өткізудегі мақсат- алдағы уақытта осындай жағдайлар болған кезде алғашқы көмек көрсету мекемелерінің қызметкерлі осындай іс-әрекет жасау керектігін көрсеттік.
Аурухана қызметкерлері жоспар бойынша емхана кіртеін барлық есікті жапты, науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оқшауға алды. Әрі қарай зерттеу үшін биологиялық материал жиналды.
Нұрбол ЖОЛДЫБАЕВ Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Сол хабар бойынша біз тиісті органдарға хабарласып, жедел жәрдем көлігімен, игнфекциялық ауруханаға алып кетті.
Оқу жаттығуға ПБ,ТЖ басқармасының сондай-ақ қаладағы алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.Айта кетейік,жұқпалы дерттердің алдын алатын оқу жаттығулар жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ