ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Ата - аналарға арналған ашық есік күні

Бөлісу:

№8 гимназия – Жезқазған қаласымен бірге жасасып келе жатқан, аймағымыздағы айтулы оқу ордаларының бірі. Білімнің бәйтерегіне баланған мәртебелі мектепте ашық есік күні ерекше форматта ұйымдастырылды. Ата-аналар атынан сөз алған Жезқазған қалалық мәслихат төрағасы бұл күннің маңыздылығына тоқталды. 


Раушан ҚАПАРОВА Жезқазған қалалық мәслихат төрағасы

Бұл ата-ананың,мектептің, оқушының арасындағы байланысты нығайтып, одан сайын баламыздың тәрбиесіне көңіл бөліп,үштік одақ болып керегесі кең,шаңырағы биік болып осы болашақта ата-аналарымызбен қарым-қатынасты сол баламыздың алып жатқан тәрбиесін,қандай дәрежеге жеткенін , барлығын мектеппен бірге бірігіп отырып қазір тамашалайтын боламыз. 


Үштік одақ: ата-ана, мұғалім, оқушы. Осындай шара арқылы 3 тарап арасында байланыс нығая түспек. Ашық есік күнін өткізу гимназияда дәстүрге айналғанын атап өту керек. 


Марал Абеева №8 гимназия директоры 

Гимназиямыздағы «Үштік одақ негізінде: біздің табысты - бір жыл» атты ата-аналарға арналған ашық есік күні мен ойлаймын бұл сіздермен бірлескен осы табысқа жету жолымыздағы жұмыстың айқын көрінісінің куәсі боласыздар. 


Ашық есік күні 3 бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлім: инновация, эксперимент,ізденіс деп аталды. Онда ата-аналар өздерінің балғындары жасаған жұмыстарымен танысты. Қызықты тәжрибелер алаңына айналды.Екінші бөлімде ғылым әлеміне саяхат жасады. Ал соңғы бөлімде ұлттық тәрбие ұрпақтар сабақтасығы аясында қолөнер көрмесін, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын көрді. Сондай-ақ шеберлік сағаттары өтіп, асық ойыныныан жарыс ұйымдастырылды. Жалпы гимназиядағы 90 ұстаз 1550 оқушыны білім нәрімен сусындатып отыр. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты