ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Кеңгірге өлең қонған күн

Бөлісу:

Кешке келген көрермендерден залда ине шаншар орын болмауының өзі ақын ұлдарына деген халықтың ыстық ықыласы мен өнерге деген құрметінің шынайы көрінісіндей. Ақын жүрегін жарып шыққан жауһар жыр төгілген, ерекше форматта өрілген кеш өңір жұртшылығына керемет көңіл-күй сыйлады. 


МұқағалиСейтқазы  өлеңдерінің тақырыбы да әр алуан. Кезінде Ұлытауының намысын республикалық аламан айтыстарда  домбырасыз қорғап, «дәридай» ақын атанған  Мұқағалидың әкесі Мұқаш Сейітқазинов кенже ұлының есімін жырларын өзі сүйіп оқитын мұзбалақ ақын құрметіне қойдым дейді.


МҰҚАШ СЕЙТҚАЗИНОВ  ақынның әкесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мұқағали жалпы мен емес, әлем таныған ұлы тұлғалы ақын болды ғой. Сосын үйімде сол ұлы тұлға аталып жүрсін деп атын Мұқағали қойдым. Ол лирик ақын.Мен махаббат жайлы жазбаймын, айтыста ә десе, мә деп жауап қайырамын. Ал ол бұлақтың сылдырынан, жапырақтың сыбдырынан ән құрайды, соған қарап өлеңші деп санаймын. 


Ұлытауын ұран қылған, анасына өлеңмен ескерткіш қойған, жалынды жастықтың іңкәр сезімін шерте білген ақынның өлеңдеріне бірнеше ән жазылған. Кеште бұл әндерді қазіргі қазақ эстрадасының танымал өкілдері   Альбина Шардарова, Жарасхан Төлебай, Мәди Ахметқожа, Асхат Сағындықов, Нұрлан Мұсабеков, Қуандық Рахым орындады. 


Әдеби-сазды кешім көпшілік көңілінен шығып, Кеңгірге өлең қонған күн болды дейді, арқа ақпаратында айшықты қолтаңбасы бар журналист, талантты ақын Мұқағали Сейтқазы.


Мұқағали Сейтқазы ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Осы апта Жезқазған жырмен желпініп, Кеңгірге керім өлең қонды, оны ұйымдастырған қаланың 70 жылдығына орай, жергілікті билік пен мәдениет бөліміне алғыс айтамын. Бұл бізге деген қолдау,біздің замандастарымызға деген қолдау, мені қолдап келген барша ағайынға алғыс айтамын. Бүгінгі кеш маған ерекше шабыт сыйлады, құдай қаласа алдағы уақытта да жақсы туындыларыммен қуанта беремін деген сенімдемін.


Фестиваль ұйымдастырушылары “Кеңгір керімсалын” екі жылда бір өткізуді дәстүрге айналдырмақ. Жас ақынның әдеби-сазды кеші - Жезқаланың жырға деген құрметін айғақтап бергендей!!! 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты