Алдымен ғылыми – тәжірибелік конференция қатысушылары Қарсақбай кентіндегі Қаныш Сәтбаевтың мұражай үйіне барды. Көрмелерде Сәтбаевтың өмірі мен қызметін жан-жақты көрсететін, өлкенің өндірістік тарихын сипаттайтын деректер, қолжазба құжаттар, минералдар үлгілері, ғалымның еңбектері, ол жайлы әдебиеттер мен әр жылдардағы баспа материалдары жинақталған. Кішігірім 5 залды қамтитын мұражай экспонаттары құндылығы мен мазмұны жағынан ерекше бағалы заттар қойылған.
Руслана МАКАЖАНОВА Қарсақбай агротехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Осы конференцияның мақсаты балаларды Қаныштың салып кеткен сара жолын әрі қарай жалғастырып, сол сияқты ұлы тұлға болса екен,еліне қызмет етсе екен деп сондай мақсатта ұйымдастырып жатырмыз.
Конференция Қарсақбай агротехникалық колледжінде осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Студенттер 3 топқа бөлініп, Қаныш және Қарсақбай, қазақтың қайратты Қанышы, Сәтбаев және Жезқазған жайлы жобаларын қорғады.
Ақбота ЛИМОВА Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенті
Бұған мен өзімнің қасиет қонған Қаныш Сәтбаев салған жол ұрпаққа үлгі атты мақала алып келді.Ең алдымен Қарсақбай өңіріне келіп, мұражайға барып тамаша әсер алдық.Презентацияға мақала қорғауға керемет бір мотивация алдық.
Соңында қазылық еткен оқытушылар үздік шыққан жобаларды іріктеп алып, студенттерге алғыс хатттар табыстады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ