Жалпы, Қадір Маткеновтың есімі Жезқазған-Ұлытау аймғаы тұрғындары үшін етене таныс. Өйткені Қарсақбайдағы алғашқы мыс балқымасын алғандардың бірі Қадір Маткенов еді.Жарты ғасырға жуық аймақ экономикасының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты, еліміздегі қара металлургияның даму тарихына өшпес із қалдырды. Қадір Маткеновтің есімі берілген дүбірлі додаға еліміздің түпкір-түпкірінен сайдың тасындай іріктелген сайыпқыран балуандар жиналды.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Қадыр Маткенов барлығымыз үшін еңбекқорлықпен мақсаткерліктің үлгісі болып қала береді. Ол біздің өңірдің металлургия саласының дамуында елеулі үлес қосты. Бүгінгі турнир шынайы болсын!
2009-2011 және 2012-2014 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы турнир осымен 5-ші мәрте ұйымдастырылуда. Турнирге республиканың 11 облысынан әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша 250 спортшы қатысты. Бозкілемдегі белдесулердің барлығы дерлік тартысты өтті. Қарсыласытарын алып та, шалып та жыққан шын шеберлер жеңіс тұғырына көтерілді.
Айқын ЖҰМАҒҰЛ 40 келі салмақта бірінші орын иегері
Шалқар қаласынан турнирге келіп отырмын. Мен бүгін 4 белдесу өткізіп. Үшеуін уақытынан бұрын, ал біреуін баомен ұттым. Финалда Қарағандының баласымен белдестім. Финалда оны 7/2 есбеміен ұттым. Бапкерлеріме,ата-анама Жезқазған қаласының тұрғындарына алғыс айтамын. Осындай жарысқа бізді шақырғандарына
Ахмет СЕРІКБАЙ +60 келі салмақта бірінші орын иегері
Күреспен айналысып жүргеніме 5 жыл болды. Осы жарыс жақсы өтті. Салмағымда 20 адам болды. Жақсы күш сынасты. Бірапқ оған қарамастан бірінші орын алып отырмын.
Жарыс ұйымдастырушылары мұндай турнирлер арқылы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырамыз дейді.Жалпы,Жезқазған өңірі бұл сала бойынша біршама ауқымды шараларды қолға алған. Қ.Маткенов атындағы дәстүрлі дода келер жылы да өз жалғасын табатын болады.Турнир қорытындысында жаңа жеңімпаздар есімдері аталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ