ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

«Мұрагер - 2024» II облыстық байқауы басталды

Бөлісу:

Байқаудың қалалық және облыстық кезеңдерін сәтті аяқтаған оқушылар мен студенттер аспапта ойнау, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, театр өнері, хореография, вокал, хор, «Үздік жүргізуші» номинациясы секілді 10 бағыт бойынша бақ сынады. Байқау сәуір айына дейін жалғасады. Бүгін 200-ге жуық бүлдіршін бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер бойынша өз жұмыстарын ұсынып, аспапта ойнау бойынша үздік атағын сарапқа салды.

Қарлығаш МУШЕНОВА Ұлытау облысының білім басқармасының бөлім басшысы

10 номинация бойынша барлық жеңімпаздар мамыр айына жоспарланған облыстық гала-концертке жолдама алады. Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеймін, гала-концертте барлық мықтылар кездесетініне сенімдімін.


 Байқауға 8-11  және 12-14 жас аралығындағы мектеп оқушылары, сонымен қатар 15 жастан жоғары колледж студенттері қатысуда. Бейнелеу өнерінен  сайысқа түсіп жатқандардың бірі Әнел Кенжебек. Жезқазған қаласындағы №13 орта мектепте білім алады, 5 жасынан сурет салумен айналысатын ол бұл байқауға арнайы дайындықпен келгенін айтады. 


Өңірде шығармашылықпен айналысатын балаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қазіргі таңда облыста балаларға арналған 10 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. 2024 жылдың қыркүйек айында Сәтбаев қаласындағы оқушылар сарайының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Ал, Қаражал қаласында Оқушылар сарайын ашу жоспарлануда.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты