ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Салада өзекті мәселе көп

Бөлісу:

Қазақстан фермерлері қауымдастығының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Бегенов төрағалық еткен жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Атамекен кәсіпкерлер палатасы комитетінің төрағасы, Қазақстан фермерлер қауымдастығының Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы Марат Оразаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ысқақов қатысты. Кейінгі жылдары фермерлер ауыл шаруашылығы аясындағы ауқымды мәселелерді жиі көтеріп жүргендігі жасырын емес. Атап айтар болсақ: жайылымның жоқтығы, жем-шөп пен жанар-жағармай бағасының маусым сайын қымбаттауы, ірі техникалардың қол жетімсіздігі, мемлекеттік несиелерді алудың түсініксіз тым ұзақ процесі, оған жүйедегі қағазбастылықты қосып қойыңыз... Бұлар, аталған саладағы проблемалардың бір парасы ғана...


Ұлантай ҮСЕНОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары 

Бізде бүкілі кішігірім,кішігірім фермелар бар, оның барлығынын біріктіргіміз келеді. Осыған септіккеріңіз тисе, және министрлік тарапынан ұсынсытарыңызды берсеңіз. Сосын республикаладан келетін субсидиялардың санын көбейту, суарлмалы жерлерді пайдалану жұмыстарына,соған көп атсалысып жатырмыз. 


Жиында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Қайрат Мұтаев көрсеткішткерге тоқталды. 2023жылы облыстың жалпы ауылшарушалығы жалпы өнімнің көлемі 114 млрд теңгені құраған. Ал,биыл мемлекеттік қолдау шаралары аясында агроөнеркәсіп саласын субсидиялауға 5,2 млрд теңге қаражат бөлінген. 


Қайрат МҰТАЕВ Ұлытау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы

2024жылы 3 инвестициялық жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Бірінішісі Жаңаарқа ауданында сою цехы, екіншісі Жезқазған қаласында құс етін өндіру бойынша құс фабрикасын іске қосу, үшіншісі, Сәтбаев қаласында құс етін өңдеу бойынша сою цехын құру. Ол да дайын.


Одан бөлек, жиынға арнайы ат арытып келген лауазымды тұлғалардың баяндамасы тыңдалды. Одан кейін жиынға қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын ортаға салды. Оның бірсыпырасы әр жылдары ауыл шаруашылығы саласына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың салдарынан туындаған шикіліктер турасында өрбіді. Төрт түлігін көбейтіп, тұрмысын түзетуді хош көрген фермерлер кезінде «Сыбаға» бағдарламасынан шапағат көреміз деп тәуекелге барып, сан соғып отыр.


Жиында аймақ фермерлері ауыл шаруашылығына қатысты өзге де мәселелерді қамтыды. Бұл ретте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев әр түйткілді түйіннің соңында адами фактор тұрғанын қаперге салып, сала мамандарына мейлінше фермерлердің мәселелеріне оңынан шешуге мейлінше ат салысу қажеттігін алға тартты. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты