ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Республикалық ақындар айтысы

Бөлісу:

Жасыратыны жоқ, кеншілер шаһары  ұлттық өнерді құрметтеу мен насихаттауда көшбасшылар қатарында. Шындық деп шырылдап, Жезқазған-Ұлытау аймағындағы арда өнердің бас ақыны атанған Шынболаттың сарайы - жыр жәрмеңкесіне айналды. Аламанға республиканың әр қиырынан атақтары алашқа мәшһүр 12 ақын келді. Айтыстың тізгінін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, айтыстың ақтаңгері Аманжол Әлтай ұстады. 


Аманжол ӘЛТАЙ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Бұл айтыстың ерекшелігі сонда осы біздің ата тарихымыздағы тау тұлғаларымыздың бірі Қаныш атамыздың 125 жылдық мерейтойына арналып отыр. Мемлекет басышыс өзі арнап атап айтқандай Қаныш ол қазақ ғылымының атасы деді. Соның бір парасы бүгінгі айтыс. Кешеден бері ақындарымыз Қаныштың сан түрлі тұлғасын жырлап жатыр. 


Ал, жыр сайысына Жүрсін Ерман бастаған топ төрағалық етті. Алғашқы күні өткен айтысты саралау мен бағалау нәтижесінде келесі кезеңге қатысу 8 ақынға беріліп, жыр сайысын жалғастырды. 


Айтбай ЖҰМАҒҰЛ айтыскер ақын 

Айтыс жоғары деңгейде өтіп жатыр деп айта аламыз. Халықтың батасын алып жүрген ақындар келіп жатыр. Халық та риза болып жатыр.Бұл айтыс та Сәтбаев қаласында өтуі, Қаныштың еңбегін 


Айтыс – ақсүйек өнер! Мұнда ең бірінші бағаланатын суырыпсалмалық қасиет. Келген көрерменнің қарасы айтыстың маңызды екенін айғақтап тұрғандай.. 


Еламан ҚАЙНАЗАРҰЛЫ  көрермен 

Жюрилері де күшті екен. Кеше мен ойлап едім қайсына береді екен деп.Менің ойымдағыдай түсті. 


Жұмагүл НҰРМАҒАНБЕТОВА көрермен 

Айтысты қуып Астанадан келіп тұрмыз. Таңертен түстік, кешке қайтамыз.Айтыс қайда біз сонда. 


Мықтының мықтысын анықтау Жүрсін Ерманның өзі төраға болған Мұқаш Сейтқазинов сынды марғасқа ақындардан құралған қазылар алқасы үшін оңайға соқпады.


Жүрсін ЕРМАН қазылар алқасының төрағасы 

Бұл жолғы ақындардың барлығына дән ризамын.Қай-қайсы болса да биікті өнер көресетті. Оның ішінде аса жақсы айтыс жасаған екі қызымыз Жансая мен Айым.Жезқазған өңірі өзі айтыстың кіндігін кескен жер ғой. Облыс әкімдігіне,қала әкімдігіне ұйымдастырған алғыс бідіремін. 


Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша айтысқа белсене қатысқан ақындарға 400мың теңгеден берілсе Оңтүстік Қазақстаннан келген Біржан Байтуов пен павлодарлық Жігер Төкенге Кәкімбек Салықов пен Шынболат Ділдебаев атындағы арнайы жүлдесі тапсырылды. Бәйгенің үшінші орын иегері деп Шығыс Қазақстандық  Серік Қуанғанмен алматылық Айым Асылбек танылып  ақындарға 700мың теңге ақшалай сыйақы берілді. Ал екінші орынды батыстық Жансая Мусина мен қарағандылық Дидар Қамиев жеңіп алды. Оларға 1 млн теңгенің сертификаттары берілді. 


Дидар ҚАМИЕВ  айтыскер ақын 

Айтыс өз мәресіне жетті. Халықтың қошеметіне бөлендік.айтыс жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Жалпы Сәтбаев Жезқазған өңіріне алғысымыз шексіз. 


Бірінші орын мен бір миллион 500мың  теңге сыйақыны Ұлытаулық Өміржан Көпбосын жеңіп алса, бас бәйге және автокөліктің кілті айтыстың ақтаңгері қызылордалық Мейірбек Сұлтанханда. 


Мейірбек СҰЛТАНХАН айтыскер ақын, бас жүлде иегері 

Осындай халықтың махаббатымен, осындай елдің ықыласымен алып жатқан бәйгеміз бұл. Менің ғана емес қазақ өнерінің жеңісі деп білемін. Әр айтысқа әр өңірге келеміз бірақ Ұлытау өңірінің ұлттық өнерге деген құрметін көргенде төбеміз көкке екі елі жетті. 


Иә, айтыс мәресіне жетті. 2 күнге созылған тартысты жыр додасы көптің көңілінен шықты. Айта кетейік, аламан бәйге осымен сегізінші мәрте өткізіліп отыр. Айтысқа Қазақмыс корпорациясы демеушілік білдірді. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты