Асфальт бетон зауыты сағатына 160,жылына 200мың тонна асфальт өндіреді. Бұл-әлемдік стандарттарға сәйкес келетін,облыстағы тұңғыш зауыт. Толықтай автоматтандырылған. Биыл бір Жезқзағанның өзіне көшелелер мен аулаішілік жолдарды жөндеуге 6,5 млрд қаражат бөлінді деген аймақ басшысы зауыт енді тек Жезқазғанды ғана емес облысты қамтуға қауқарлы екенін айтты.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Сол қаражатты игеру үшін осындай зауыт болуы қажет. Мысалы былтыр да қаражат бөлгіміз келгенімен асфальт жоқ болған. Осы асфальтный зауыттың арқасында қазір жолды тек қана Жезқазғанда ғана емес,Сәтбаев басқа да жолдарды қамтамасыз етуге мүмкіншілік туады. Өздеріңіз білесіздер, асфальттың сапасын тексеретін де зертхана ашып жатырмыз. Жаңа талаптарға сай. Асфальттың сапасы да күшті болады. Құтты болсын.
Зауыт 20жылдан астам уақыт құрылыс нарығын бағындырып келе жатқан «Самға» компаниясының бастамасымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және «Халық»банкінің қолдауы арқылы жүзеге асты. Жобаның құны - 540 млн теңге.
Батырбек БИТАСОВ «Самға»ЖШС директоры
Бүгінгі күні 16 адам істеп жатыр.Полный цикл болған кезде 50 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ «Қарағанды-Жезқазған», «Жезқазған-Қызылорда» республикалық жолдарына да қолданылмақ.
Бұл кәсіпорынның тағы бір артықшылығы – үздіксіз өндіріс процесі, экологияға зияны айтарлықтай аз және құрамы өзімізде өнідіріледі.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |