ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Үкілі қобыз" сыйлығы өз иелерін тапты

Бөлісу:

Жезқазған – өнерімен өрісті өлке. Бүгінде мысты шаһардың мәдениет және өнер ордаларында 400ге жуық адам еңбек етеді. С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театры, Т.Қалмағамбетов атындағы филармония, тарихи-археологиялық мұражай, 11 кітапхана және 7 мәдениет-сауық мекемесі халыққа рухани-мәдени қызмет көрсетеді. Әр түрлі жанрдағы 30-ға тарта шығармашылық ұжым: хор, би, эстрада, вокал ансамбльдері бірлесіп жұмыс істейді. Бұл күні қобыздың үні әуеледі.


Ұлттық мәдениетімізді насихаттап, рухымызды ұлықтап, руханият саласына еңбегі сіңген сала қызметкерлері үлкен құрметке лайық. Бүгін-олардың еңбегін елейтін, алғыс айтатын күн. 


Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары 

Баршаларыңызды Жезқазған қаласы әкімінің атынан бүгінгі мерейлі мерекемен құттықатймын. Осы қаланың мәдение шараларына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтып бас иеміз. 


Кеште ел мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке ерекше үлесі, мәдениет жүйесіндегі инновациялық қызметі үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен қолөнер шебері Сарыбас Жүнісов марапатталды.  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы, Ұлытау облысының құрмет грамотасы,Жезқазған қаласының құрмет грамотасы,алғыс хаты  мәдениет саласында қызмет етіп жүрген азаматтарға берілді.  Биылғы жылдың үздіктерінің есімдерін еститін сәт те келіп жетті. Сонымен «Жылдың үздік кітапханашысы» Ақнұр Қыдырманова болды. Ол орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  №2 үлгілі кітапхана филиалының меңгерушісі.

Ақнұр ҚЫДЫРМАНОВА «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясының иегері 

Осы марапатты алғаныма қуаныштымын. Бүгінгі барлық әріптестерді, мәдениет қызметкерлерін мерекмен құттықтаймын.


«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» Жылдың үздік дәстүрлі әншісі» ,«Жылдың музей қызметкері» «Алтын жолақ» номинациясы,  «Мәдениет саласынң үздігі» секілді номинациялдар иелеріне табысталды.  «Жылдың үздік күйшісі» номинациясы Дәулескер күйші, Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты Жалғас Сәдуақасовқа бұйырды. Жүлдегерлердің әрқайсысына  200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.


Жалғас СӘДУАҚАОСОВ «Жылдың үздік күйшісі» номинациясының иегері

-Мынау бүгінгі мейрам құтты болсын! Қаламыздың әкімінің сыйлығының жүлдегері болып ждатырмын. Алғысым шексіз. Өнерпаздардың еңбегін бағалап жатыр. Шын жүректен қуаныштымын.  


Басты марапат-   «Мәдениет пен өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін»номинациясы  және 300 мың теңге ақшалай сыйлық.  Бұл номинацияға өнер майталманы, Тайжан Қалмағабетов атындағы Ұлытау облыстық филармонияның әншісі Зәуре Омарова лайық деп танылды. Мәдениеті биік елдің мәртебесі де биік болатыны сөзсіз. Сондықтан бұл дәстүр алдағы жылдары да жалғасын тауып, жергілікті билік тарапынан мәдениетке, өнерге қолдауы арта бермек. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты