Іс-шараға қала прокуратурасы, облыстық полиция департаменті, білім басқармасы және оқу орындардың мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналары қатысты. Былтырғы жылға қарағанда Жезқазған қаласының аумағында кәмелетке қарсы жасалған қылмыстар 37,5 пайызға өскен.Сонымен қатар, тонау мен қорқыту мәселесі күн тәртібінде..
Айдос ТЕМІР Қала прокурорныың орынбасары
Мысалға ағымдағы жылдың ақпан айында жезқазған қаласы колледжінің жатақханасында жоғары топтың студенттері кіші оқитын екі студентті ұрып микроқарыжылқ ұйымнан несие рәсімдеткізіп қосымша ай сайын ақша беруді талап еткен.
Ұлытау облысының ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов болса соңғы қоңырау кезінде болатын оқыс оқиғалар жайлы баяндады.
Дәулет МОЛДАХАНОВ Ұлытау облыстық ПД ЖПҚ басқармасының бастығы
Әлбетте біз мұндай шараларды мүлдем тыйып тастай алмаймыз. Бірақ осы шараларды жоспарлы түрде және ұйымшылдықпен өткізуіміз қажет. Бұл ретте лимузиндермен және жол талғамайтын көліктермен серуендеуді өткізуге ұмтылатын мектептердің ұжымына бұл шараларды ерекше бақылауға алуды сұраймыз. Өйткені көліктен шығып кету сияқты жағдайлар орын алады. Жыл сайын да айтылады.
Әр баланың қауіпсіздігі ата-ананың мейіріміне байланысты деген ардагер ұстаз Нүрия Жұмажанова бала тәрбиесіндегі жауапкершілікке тоқталды. Азғындаудан сақтанудың жалғыз жолы тәрбие боп қала бермек. Бүгінгі жиыннан шығатын қорытынды осы.
Айтжан ЖАППАСОВА №11ЖББ мектеп директоры
Бала-біздің болашағамызы. Балалармен жұмыс істейтін барлық мекеме қаупісздік бойынша жұмыс жасау қажет.Біздің мектепте қаупсіздік басты орынға қойылған.
Жазғы демалыс кезіндегі балалардың суға шомылу да өзекті. Ата-ана рұқсатынсыз жағажайға барып, суға түсу жағдайлары да кездесетінін айтқан төтеншеліктер барынша сақтық шараларын ұстанған жөн деді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ