ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Ұлт саулығына қауіп төндіретін кесел

Бөлісу:

«Аңдамай басқан қадам айықпас дертке ұласты», дейді А есімді азамат.Небәрі 21 жасында есірткіні ермек етіп, одан қызық көріп әуестене бастапты. Бір рет дәмін татып көрген, одан екінші рет,одан үшінші рет..  Осылайша әуестіктің пайда болуымен бұрынғы өмірінің көлеңкесі де қалмаған. Әуестікпен бірге өмір-бақи емделмейтін ауру қоса келді оған. 


Міне,осылайша кейіпкер 20 жылдан астам есірткінің құрбаны болып жүр. Басы ауырып қысқан кезде, орталыққа жатып ем алады. Алайда, қайтадан нашаға оралады.  Құрт болып кірген кесел адамды іштен әбден жеп тауыспай қоймайды. Бұндай адамды құтқармаса ақыры анық. Өлім. Ал, 24 жастағы  Д есімді азаматша осыдан 1 жыл бұрын  мефедрон пайдаланып бастаған. Кейін есірткінің «скорость»деген түріне көшкен. 


Жастардың шырпыдай лап етіп жанып кетіп жатқанын көріп қынжыласын. Емдеу орталығында жатқандардың  айтары бір: есіртікге жоламаңдар,көрмеңдер..


Одан әрі арнамыздың түсіру тобымен қала сыртында ораналасқан түрмеге бардық. Онда 25 жастағы азамат 2017 жылы есірткіні қолданғаны және көп мөлшерде сақтағаны үшін жатыр.Өзі қолданғанымен қоймай,оны сатқан. Алғашында әлеуметтік желі арқылы тапсырыс жасаған екен. Қара нарықтың саудасын қыздырып тұрған сол әлемжелі болып тұр ғой. 


Өзгенің түрмеге түскенін қаламаймын деген азамат 10жыл бойы темірдей тәртіпке мойынсұнып келеді. Үйде  ата-анасы мен бауырлары түзеліп шығады деген үмітте.. Кейіпкерлердің барлығы қателіктерін түсінеді,біледі. Тек, кеш түсінгендері өкінішті....

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты