«Ұлытау жастары» семинарында ұсынылған жобалардың мақсаты – қалалардағы және ауылдық жерлердегі жергілікті қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық бастамаларына қолдау көрсету. Семинарға Ұлыбританияның Астанадағы Елшілігінің саясат бөлімінің басшысы Сэмюэл Миллс арнайы келген.
Сэмюэл МИЛЛС Астанадағы Ұлыбритания елшілігінің саясат бөлімінің басшысы
Біз әйелдердің саяси және экономикалық құқықтарын нығайтуға бағытталған жобаны іске қосуға келдік. Бұл жобаны «Камеда» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқанын мақтан тұтамыз. Біздің мақсатымыз әйелдерге экономикалық және саяси шешімдер қабылдауға мүмкіндік беру.
Семинар барысында «Даланың жарқын әйелі» және «Жергілікті бастамалар» арнайы жобалары таныстырылды. Сондай-ақ «Камеда» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова, «Ұлытау жастары» ҚБ төрағасы Дәулет Сейтпеков, «Жасстуденттер» орталығының директоры Пернебай Олжас оның маңыздылығын атап өтті.
Махаббат ЕСПЕНОВА «Камеда»қоғамдық қорының атқарушы директоры
Мұнда азаматтық белсенділік үшін үлкен орасан зор әлеует пен ресурс бар, сондықтан біз «Ұлытау жастары» азаматтық ресурстық орталығымен бірлесіп, жобаларды ұсыну, екіншіден, қоғамдық ұйымдар іске асыру үшін ресурстарды қайдан табуға болатыны туралы тренингтер өткізу үшін осындамыз.
Дәулет СЕЙТПЕКОВ «Ұлытау жастары»ҚБ төрағасы
Бұл жерге 50-ге жуық облысымыздың үкіметтік емес ұйымдары келіп отыр.
Сондай-ақ іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың мүшелеріне гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға өтінімдер туралы мәлімет берілді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ