ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Тілшілер дін тақырыбындағы семинарға қатысты

Бөлісу:

Семинрады қаламызға арнайы келген ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі, Дін істері комитетінің интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы - Жапал Долиев жүргізді. Оған облыстың тілшілері мен ақпарат саласында жүрген мамандар қатысты. Спикер дін туралы жазатын тілшілердің саны аз және ақпаратты дұрыс жеткізбейтінін жеткізді.Сондықтан, Қазақстан университеттерінде діни журналистиканың курсын ашу маңызды деп санайды. 

  

Жапал ДОЛИЕВ Дін істері комитетінің интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы

Өйткені қазіргі таңда дін тақырыбында нақты ақпарат беретін журналситер керек. Дін тақырбы өте нәзік тақырып. Дінге қатысты қазіргі таңда адамдардың   өзінің позициясы бар. 


Әлеуметтік желіде дінге қатысты жалған ақпараттар өріп жүр. Оны ауыздықтау маңызды. Семинраға қатысқан  «Creative Unity» ҚБ басшысы Мадина Жиембаева тек расталған ақпаратқа жүгінуге кеңес берді. 


Мадина ЖИЕМБАЕВА «Creative Unity» ҚБ басшысы

Қазіргі жастардың дінді шатастыруының басты бірден-бір себебі ақпаратты рұқсат елтілмеген сайттардан, кез-келген әлеуметтік желіден алуы болып саналады. Бізде Қазақстанда діни істер басқармасымен рұқсат етілген бірнеше сайттар бар. Сол жерден ақпараттар алғандары дұрыс.

 

Жиыннан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тек мол мәлімет алумен шектелмей білікті мамандармен тәжірибе алмасуға мейлінше мүмкіндік алды. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты